Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

8-сынып оқушыларына қазақтың классикалық туындысы «Қыз Жібек» фильмі көрсетілді.

Мектебімізде "Наурызнама" тұжырымдамасы аясында өтіп жатқан іс-шаралар жоспарына сай 8-сынып оқушыларына қазақтың классикалық туындысы «Қыз Жібек» фильмі көрсетілді. Шараның мақсаты – оқушыларға ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрді, тарихи құндылықтарды таныстыру және патриоттық сезімін қалыптастыру.

Фильм көру барысында оқушылар қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен, ұлттық киімдерімен, салт-дәстүрлерімен танысты. Сонымен қатар Төлеген мен Жібектің адал махаббаты, ел бірлігі, адамгершілік құндылықтары туралы ой-пікірлер айтылды.

Фильм аяқталғаннан кейін оқушылармен қысқаша пікір алмасу ұйымдастырылып, туындының тәрбиелік мәні талқыланды. Оқушылар фильмнен алған әсерлерімен бөлісіп, қазақ кино өнерінің маңыздылығын атап өтті.

Бұл шара оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, патриоттық тәрбие беру мақсатында өткізілді.