Мектебімізде наурыз айындағы ұлттық және патриоттық фильмдер жоспарына сәйкес 6 «А» сынып оқушыларына «Біржан сал» фильмі көрсетілді. Шараның мақсаты – оқушыларды қазақ халқының көрнекті әншісі, композиторы Біржан салдың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, ұлттық өнерді дәріптеу және рухани тәрбие беру.
Фильм барысында оқушылар Біржан салдың өнер жолы, оның қазақ ән мәдениетіне қосқан үлесі, сал-серілік дәстүрдің ерекшеліктері туралы мәлімет алды. Сонымен қатар туындыда қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтары кеңінен көрініс табады.
Фильмнің ерекшелігі – ән мен өнер арқылы халықтың мұңы мен қуанышын жеткізуі, сондай-ақ өнер адамының қоғамдағы орнының айқын көрсетілуі. Бұл оқушылардың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттырды.
Фильм көрсетілімінен кейін оқушылармен пікір алмасу ұйымдастырылып, фильмнің мазмұны мен тәрбиелік мәні талқыланды. Оқушылар өз ойларын айтып, алған әсерлерімен бөлісті.
Бұл шара оқушылардың мәдениетке, өнерге деген қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталған маңызды іс-шара болды.





