Мектебімізде 17 наурыз күні 5-сынып оқушыларымен бірге «Ардақтайық әке менен ананы» тақырыбында жүрекке жылы, тәрбиелік мәні зор іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар ата-анаға деген құрмет, мейірім мен сүйіспеншілік туралы әсерлі ойларын жеткізіп, жүрекжарды сөздер мен әсем өлеңдер арнады. Әрбір айтылған сөз – ата-анаға деген алғыс пен шексіз махаббаттың көрінісі болды.
Балалардың шынайы сезімі мен таза ниеті көпшілікке ерекше әсер сыйлап, отбасының қадір-қасиетін тағы бір мәрте ұғындырды.
Ата-ана – өмірдің шамшырағы, әр баланың жүрегіндегі ең қымбат жан.
Оларды ардақтау – әрқайсымыздың парызымыз.
Осындай мәнді де мағыналы шара арқылы оқушыларымыздың бойында ізгілік, құрмет, адамгершілік қасиеттері қалыптасып келеді.
Ұйымдастырушы: сынып жетекшісі: Пазылбекова Р





