Түркістан облысы,Отырар ауданы,Қ.Сәтбаев атындағы жббм мектеп кітапханашысы Б.Сүйіннің ұйымдастыруымен 9 сынып оқушыларымен 03.09.26 ж 5 қыркүйек "Тілдер мерекесі" және Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай "Ұлттың ұлы ұстазы- Ахмет Байтұрсынұлы" тақырыбында ой- қозғау сабағы өтілді. Сабақтың мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы,кітаптары,ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру.Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып,өз елін сүюге,оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу.Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту.Сабақ барысында оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы, ақынның өлеңдерін жатқа айтты.Сабаққа қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тағабай Ақжарқын қатысып Ахмет Байтұрсынұлы туралы кеңінен мағлұмат бере отырып балдарға сұрақ- жауап ойынын өтті.Сабаққа оқушылар белсене қатысып отырды.Сабақ "Анамның тілі" әнімен қорытындыланды.





