Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 27 наурыз күні мектеп аумағында «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді. Оқушылар мен ұстаздар мектеп ауласын, айналасын қоқыстан тазалап, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты. Сенбілік барысында аумақ абаттандырылып, тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жұмыстар атқарылды.





