Наурызнама – 2026 ![]()
20 наурыз – Ұлттық спорт күні
Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде Наурызнама онкүндігі аясында Ұлттық спорт күні жоғары деңгейде аталып өтті. Бұл күні оқушылар мен ұстаздар түрлі спорттық жарыстарға қатысып, өздерінің ептіліктері мен шапшаңдықтарын көрсетті.
Жарыс барысында ұлттық ойындар мен көңілді эстафеталар ұйымдастырылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мұндай шаралар оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеп, достық пен ұйымшылдықты нығайтады.
Жеңімпаздар марапатталып, барша қатысушыларға алғыс білдірілді!
Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз!
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері:
Дүретбекова М., Б.Өтеген, Б.Полатхан, С.Асанов.





