Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

14 наурыз көрісу күніне орай «Көрісу – құрметтің көрінісі» тақырыбында тәрбиелік мәні зор іс-шара ұйымдастырылды.

Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде "Наурызнаманың" онкүндік жоспарына сай 14 наурыз көрісу күніне орай «Көрісу – құрметтің көрінісі» тақырыбында тәрбиелік мәні зор іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шара барысында мектеп ұстаздары ардагер ұстаздардың үйлеріне барып, оларды мерекемен құттықтады.

Кездесу барысында ардагер ұстаздарға құрмет көрсетіліп, жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтылды. Ұрпақтар сабақтастығын дәріптеген бұл игі шара жас буынға үлкен өнеге болып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрін насихаттауға бағытталды.

Аталған іс-шараның басты мақсаты – ардагер ұстаздардың еңбегін бағалау, оларға құрмет көрсету және ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғырту болып табылады.