Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

14 наурыз - Амал мерекесі, көрісу күні құтты болсын! Жыл берекелі болсын!

Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады.

Бұл күні жасы үлкен адамдарға сәлем береді. Бір-біріне «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болғай!» деп тілек айтады. Көрісу күнінде бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады. Ағайын-туыстарына амандық-саулық, құт-береке тілейді.

«Наурыз» сөзі «жаңа күн» дегенді білдіреді. Ертеде қазақ бұл күнді «наурыз» демей «амал» деген.

Бұл сөздердің айырмашылығы жоқ деуге болады. Ал бұл қазіргі күнтізбе бойынша

14 наурызға сәйкес келіп отыр.

Көрісе отырып, бір-біріне «Бір жасыңмен!», «Жасың құтты болсын!», «Жасың қайырлы болсын!» деп айту керек. Адамдар үй ішін жуып, тазалап, ауланы да ретке келтіріп қояды.

14 наурыз күні таң біліне бастағанда ешкім ұйықтап жатпауы керек. Әсіресе қарты бар үйлер ерте оянып, көрісіп шығатын адамдарды күтіп отырады. Міндетті түрде әр үй дастарқанын толтырып, бар тәттісін қойып, бауырсақ, жеті шелпек пісіреді.

«Бір жасыңмен!», «Жасың құтты болсын!», «Жасың қайырлы болсын!» Амал мерекесі, көрісу күні құтты болсын! Жыл берекелі болсын!

https://www.facebook.com/reel/1679184123460748