Мектебімізде наурыз айындағы ұлттық және патриоттық фильмдер жоспарына сәйкес 10 "ә"-сынып оқушыларына «Ахмет. Ұлы ұстаз» фильмі көрсетілді. Шараның мақсаты – оқушыларды қазақ халқының көрнекті қоғам қайраткері, ағартушы, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы мен еңбегімен таныстыру, ұлттық сананы қалыптастыру және отансүйгіштік рухты нығайту.
Фильм барысында оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тіл білімін дамытудағы рөлі, ағартушылық қызметі және ұлт болашағы үшін атқарған еңбегі туралы терең мағлұмат алды. Сонымен қатар туындыда сол кезеңдегі тарихи жағдайлар, қазақ зиялыларының ел тәуелсіздігі жолындағы күресі жан-жақты бейнеленеді.
Фильмнің ерекшелігі – басты кейіпкердің ұстаздық жолы, елге деген жанашырлығы мен білім арқылы ұлтты алға жетелеу идеясының айқын көрініс табуы. Бұл оқушыларға білімнің маңызын түсінуге және өз болашағына жауапкершілікпен қарауға ықпал етті.
Фильм көрсетілімінен кейін оқушылармен пікір алмасу ұйымдастырылып, фильмнің мазмұны мен тәрбиелік мәні талқыланды. Оқушылар тарихи тұлғалардың еңбегін үлгі тұтып, өз ойларымен бөлісті.
Бұл шара оқушылардың тарихи санасын қалыптастырып, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және елжандылық қасиеттерін дамытуға бағытталған маңызды тәрбиелік іс-шара болды.





