1 наурыз – Алғыс айту күні
Мектебімізде Алғыс айту күні мерекесіне орай 8-сынып жетекшісі Қалназарова Мадинаның ұйымдастыруымен тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылып өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойына ризашылық, құрмет, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыру, үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсетуге баулу. Шара барысында оқушылар жүрекжарды алғыс сөздерін айтып, өлеңдер оқып, көріністер қойды. Сонымен қатар, ұстаздарға, ата-аналарға және мектеп қызметкерлеріне алғыс білдірілді.
Мерекелік жиын ерекше әсерлі, жылы атмосферада өтті. Оқушылар белсенділік танытып, өз ризашылықтарын шынайы жеткізе білді.
Алғыс айту – бұл тек бір күндік мереке емес, ол – адамгершіліктің айнасы. Бір-бірімізге алғыс айтып, жақсылық жасауға асығайық!





