Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың 22 қазан күні «Желідегі қауіпсіздік» атты республикалық флешмоб өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасында интернет желісінде қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, кибербуллинг пен алаяқтықтың алдын алу, әлеуметтік желілерді жауапкершілікпен және сауатты пайдалану дағдыларын дамыту болып табылады.
Флешмоб барысында оқушыларға желідегі жеке деректерді қорғау, жалған ақпарат пен қауіпті сілтемелерден сақтану жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, оқушылар өздері дайындаған бейнероликтер, ақпараттық жазбалар мен плакаттар арқылы желідегі қауіпсіздіктің маңыздылығын көрсетті.
Іс-шараға мектеп ұжымы мен оқушылар белсенді қатысып, ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға өз үлестерін қосты.
https://www.facebook.com/share/r/14ZqwugUvxw/





