Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде оқушылардың интернет кеңістігіндегі қауіпсіздігін арттыру, кибермәдениет пен сандық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында *«Желідегі қауіпсіздік»* атты түсіндіру жұмысы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушыларға әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қауіпсіз жүріп-тұру ережелері, кибербуллингтің алдын алу жолдары, жеке мәліметтерді қорғау маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар, олар желідегі қауіп-қатерден қорғану үшін қандай әрекеттер жасау қажет екенін постерлер, бейнероликтер арқылы көрсетті.
Цифрлық әлемде де — *қауіпсіздік басты орында!*





