«Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026 жылдың 15 қаңтары күні «Жастар арасында діни сауаттылықты арттыру және діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларының жалпы жиналысы болып өтті. Жиналысқа Түркістан облысы Дін істері басқармасы, Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы – Нұрлыхан Әмзеев, Отырар ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің дін істері жөніндегі сектор меңгерушісі – Ғалымжан Сарсеков, мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп психологі, мектеп медбикесі, сынып жетекшілер, 9-10сынып білім алушылары қатысты.
Жиналыс барысында: Жастар арасында діни сауаттылықты арттыру, діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу, дәстүрлі дін құндылықтарын насихаттау және құқықтық түсіндіру жұмыстары сынды мәселелер қаралды.
Түркістан облысы Дін істері басқармасы, Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Нұрлыхан Әмзеев баяндама жасады. Баяндамасында ол оқушыларға дін ұғымы, оның қоғамдағы орны, дәстүрлі ислам құндылықтарының мәні мен маңызы жөнінде жан-жақты түсіндірме берді. Сонымен қатар қазіргі таңда жастар арасында кездесетін жалған діни ағымдардың белгілеріне тоқталып, олардың қауіпті тұстарын нақты мысалдар арқылы түсіндірді.
Отырар ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің дін істері жөніндегі сектор меңгерушісі Ғалымжан Сарсеков діни экстремизм мен радикализмнің қоғамға тигізер кері әсері туралы айтып, заңнама талаптары мен жауапкершілік шараларына тоқталды. Оқушыларды отансүйгіштікке, зайырлы мемлекет қағидаттарын құрметтеуге шақырды. Ол Қазақстан Республикасының зайырлы мемлекет екендігін атап өтіп, заң талаптарын сақтау әрбір азаматтың міндеті екенін жеткізді.
Спикер өз сөзінде діни білімді тек ресми, сенімді ақпарат көздерінен алу қажеттігін атап өтіп, әлеуметтік желілер мен интернет платформаларында таралатын күмәнді діни ақпараттарға сын көзбен қарауға шақырды. Оқушыларға рухани тәрбие мен ұлттық құндылықтарды сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді.
Жиналыс барысында оқушылар тарапынан діни білім алу жолдары, мешітке бару әдебі, интернеттегі діни парақшалардың қауіпсіздігі, сондай-ақ дін мен заңның арақатынасы жөнінде сұрақтар қойылды. Қойылған барлық сұрақтарға шақырылған мамандар тарапынан нақты, түсінікті әрі заң аясында жауаптар берілді.





