Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің психологы Тұрсынбекова Меруерттің ұйымдастыруымен 9-сынып білім алушыларымен 14 қаңтар күні
«Жүрегіңді түстермен толтыр» тақырыбында арт-терапия сабағы өтілді.
Мақсаты:
Адамның ішкі эмоциялары мен жеке қасиеттерін сурет және түстер арқылы бейнелеу, өз сезімін тануға және түсінуге үйрету.
Балалардың эмоционалдық жағдайын анықтау.
Өз сезімдері мен қасиеттерін еркін білдіруге мүмкіндік беру.
Эстетикалық талғам мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Бір-бірін түсінуге, эмпатияға тәрбиелеу.
Арт-терапия сабағы үш кезең бойынша өтілді. Кіріспе бөлімде
Мұғалім оқушыларға психологиялық денсаулық және эмоция туралы қысқаша түсінік береді. Әр адамның жүрегінде түрлі сезім бар екенін, олардың қуаныш, қорқыныш, алаңдаушылық, махаббат сияқты эмоциялардан тұратынын түсіндірді.
Сабақта білім алушылар сол сезімдерді түстер арқылы бейнелейтіндерін айтты.
Негізгі бөлімде:
– Оқушыларға жүрек пішініндегі қағаз таратылды.
– Әр оқушы өз жүрегіндегі сезімдерді түрлі түстер арқылы бояп, бейнеледі.
– Қалаған жағдайда түстердің нені білдіретінін жазады немесе ауызша түсіндіріп өтті.
Қорытынды бөлімде:
– Оқушылар өз жұмыстарын көрсетіп, қысқаша ойларымен бөлісті.
– Мұғалім оқушыларды бір-бірін тыңдауға, түсінуге және қолдауға шақырды.
– Сабақ соңында жағымды эмоциялар қалыптастыруға бағытталған қорытынды сөз айтылып сабақ қорытындыланды.





