Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 10.11-21.11.2025 ж. аралығында өтіп жатқан "EduFall - 2025. Алтын күз - білімнің жаңғыруы " тақырыбындағы онкүндіктің жоспарына сәйкес 14 қараша күні «ТОЛАҒАЙ ENERGY» тақырыбында ата- аналармен бірге спорттық сайыс өтті. Сайысты бастауыш сынып мұғалімі Алиева Гүлнар және мектеп логопеді Досан Мөлдір ұйымдастырды. Сайыссың мақсаты:
- Ана мен балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау;
- Қозғалыс белсенділігін арттыру, сергектік пен энергияны дәріптеу;
- Топ мүшелерін ұйымшылдыққа, батылдыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Сайыс бес кезеңнен тұрды. Кезеңдер бойыша оқ бойы оза шапқан топтар марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.





