Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Тірі организмдердің тіршілік етуі қалай ұйымдастырылған?» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте өтіп жатқан жаратылыстану пәндері онкүндігі аясында 20 қаңтар күні жаратылыстану пәнінен 5-сынып білім алушыларымен

«Тірі организмдердің тіршілік етуі қалай ұйымдастырылған?» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

🔬 Сабақ барысында оқушылар тірі ағзалардың құрылымдық деңгейлерімен (жасуша – ұлпа – мүше – мүшелер жүйесі – ағза) танысып, теориялық білімдерін тәжірибелік тапсырмалар арқылы бекітті.

👩‍🏫 Ашық сабақ заманауи әдіс-тәсілдермен, көрнекіліктермен және оқушылардың белсенді қатысуымен өтті.

✨ Оқушылар пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, өз ойларын еркін жеткізе білді.

📌 Осындай ашық сабақтар білім алушылардың танымдық қабілетін дамытуға және сапалы білім беруге ықпал етеді.