Выберите язык

Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Тіл – татулықтың тірегі» атты көңілді қоңырау ұйымдастырылды

Мектебімізде 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай оқушылардың тілге деген құрметін арттыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін насихаттау және көптілділікті дәріптеу мақсатында мектеп тәлімгері Жүнісбекова Мақпал апайымыз «Тіл – татулықтың тірегі» адасқан әріптер атты көңілді қоңырау ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар тіл туралы өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер айтып, түрлі тілдерде құттықтауларын жеткізді. Сонымен қатар, қызықты ойындар мен танымдық тапсырмалар ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік танытты.
Шараның басты мақсаты – ана тіліне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің тілдері мен мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Көңілді әрі мазмұнды өткен іс-шара оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, «Тіл – халықтың рухани қазынасы» екендігін тағы бір мәрте ұғындырды.
Тіл мерекесі құтты болсын! Тіліміз тұғырлы, еліміз ынтымақты болсын! 🇰🇿📚🔔