Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

"Тіл дамыту" үйірмесінің жетекшісі А.Бекмұрзаеваның ұйымдастыруымен халқымыздың мағынасы терең, тәрбиелік мәні зор салт-дәстүрлерін насихаттауға арналған тағылымды іс-шара өтті.

22 наурыз-Жыл басы

Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде "Тіл дамыту" үйірмесінің жетекшісі А.Бекмұрзаеваның ұйымдастыруымен халқымыздың мағынасы терең, тәрбиелік мәні зор салт-дәстүрлерін насихаттауға арналған тағылымды іс-шара өтті.

Ұлттық дәстүрімізді дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған бұл шарада оқушылар қазақ халқының көне әрі құнды дәстүрлерінен көріністер көрсетті. Атап айтқанда, тұсау кесер, бесікке салу, теңге ілу, айтыс сияқты салт-дәстүрлер сахналанып, олардың мәні мен тәрбиелік маңызы кеңінен түсіндірілді.

Тұсауы кесілген бала өмір жолында сүрінбей, қадамы нық, жолы ашық болсын деген ақ ниетпен жасалатын бұл дәстүр – халқымыздың ізгі тілегі мен ақ батасының көрінісі. Сол сияқты бесікке салу, қырқынан шығару дәстүрлері де ұлт мәдениетінің маңызды бөлшегі екені оқушыларға таныстырылды.

Іс-шара барысында білім алушылар ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетіп, ата-баба дәстүріне деген құрметтерін білдірді.

Осындай тағылымды шаралар арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, салт-дәстүрге деген құрметті арттыру – баршамыздың ортақ міндетіміз.