Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Темекі – тыныстың жауы» тақырыбында түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Қ.Сәбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Темекі – тыныстың жауы» тақырыбында түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Мектепте оқушылардың денсаулығын сақтау, зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында өтілген «Темекі – тыныстың жауы» тақырыбындағы жұмысты мектеп медбикесі А.Кенжебай ұйымдастырды.

Түсіндірме барысында темекі өнімдерінің адам ағзасына, әсіресе тыныс алу жүйесіне тигізетін кері әсері туралы кеңінен мәлімет берілді. Темекі шегудің өкпе ауруларына, тыныстың тарылуына, иммунитеттің әлсіреуіне әкелетіні нақты мысалдар арқылы түсіндірілді. Сонымен қатар, пассивті темекі шегудің де денсаулыққа зиян екендігі айтылды.

Оқушыларға салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы, зиянды әдеттерден аулақ болудың жолдары түсіндіріліп, тақырыпқа байланысты сұрақ-жауап жүргізілді. Іс-шара оқушылардың қызығушылығын арттырып, темекінің зияны туралы түсініктерін кеңейтті.

9-10-сынып оқушылары топтарға бөлініп темекінің зияны туралы білетіндерін ортаға салып, сайысты.