Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Сталкинг жағдайлары дегеніміз не? Сталкингтен қалай қорғанамыз?» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қ.Сәтбаев атындағы білім беру ұйымында жоғары сынып оқушыларымен «Сталкинг жағдайлары дегеніміз не? Сталкингтен қалай қорғанамыз?» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында сталкинг ұғымына түсінік беріліп, оның түрлері мен белгілері түсіндірілді. Атап айтқанда, адамның келісімінсіз қайта-қайта мазалау, әлеуметтік желі арқылы қудалау, бақылау, қорқыту, жалған ақпарат тарату сияқты әрекеттердің сталкингке жататыны айтылды. Оқушыларға мұндай әрекеттердің психологиялық зияны мен құқықтық жауапкершілігі түсіндірілді.

Сонымен қатар сталкингтен қорғану жолдары талқыланды:

– жеке мәліметтерді бөгде адамдарға бермеу;

– әлеуметтік желідегі парақшалардың құпиялық баптауларын реттеу;

– күмәнді адамдарды бұғаттау;

– қорқыту немесе мазалау жағдайында сенімді ересектерге, сынып жетекшісіне немесе мектеп әкімшілігіне хабарлау;

– қажет болған жағдайда тиісті органдарға жүгіну.

Түсіндіру жұмыстары барысында оқушылар жағдаяттық мысалдар арқылы өз пікірлерін білдіріп, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру бағытында маңызды қорытындылар жасады.

Өткізілген іс-шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталды.