Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2025 жылдың 19 желтоқсанында мектеп директоры Ділдабай Ләззат Ермаханқызы мектеп ұстаздарымен "Сапалы білім – табысты болашақ" тақырыбында коучинг өткізді.
Коучингтің мақсаты – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, сапалы білім берудің әдіс-тәсілдерін талдау және оқушылардың білім сапасын көтеруге бағытталған тиімді амалдарды бірлесе қарастыру.
Коучинг барысында мұғалімдермен төмендегі бағыттарда жұмыс жүргізілді:
- білім сапасын арттырудың тиімді жолдары;
- заманауи оқыту технологияларын қолдану;
- оқушылардың білім нәтижесін бағалау және кері байланыс;
- тәжірибе алмасу және бірлескен шешімдер қабылдау.
Коучингке мектеп мұғалімдері толық қатысты. Қатысушылар тақырып бойынша өз ойларымен бөлісіп, тәжірибеде қолдануға болатын әдістемелермен танысты.





