Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

педагог қызметкерлерге сталкингтің алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қ.Сәтбаев атындағы білім беру ұйымында 12 ақпан күні педагог қызметкерлерге сталкингтің алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында мектеп директоры Ділдабай Лаззат Ермаханқызы сталкинг ұғымы, оның түрлері (қудалау, әлеуметтік желі арқылы мазалау, қорқыту, бақылау), психологиялық және құқықтық салдары туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары аясындағы жауапкершілік мәселелері айтты.

Мектеп ұстаздарына білім алушылар арасында осындай жағдайлардың алдын алу жолдары, күмәнді белгілерді ерте анықтау, оқушылармен сенімді қарым-қатынас орнату және қажет болған жағдайда тиісті органдарға хабарлау алгоритмі түсіндірілді. Жағдаяттық мысалдар талданып, пікір алмасу ұйымдастырылды.

Түсіндірме жұмыстары педагогтердің құқықтық мәдениетін арттыруға және білім беру ортасында қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға бағытталды.