Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

Оқушыларға «Дроп» фильмі көрсетілді

Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте 9-11 сынып оқушылары арасында «Дроп» фильмі көрсетілді.

Фильмнің негізгі мақсаты – жасөспірімдерге «дроп» ұғымының мәнін түсіндіру, қаржылық алаяқтықтың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру.

Көрсетілім барысында оқушыларға «дроп» ұғымының мәні түсіндіріліп, интернет-алаяқтықтың түрлері, оның салдары, сондай-ақ заң алдындағы жауапкершілік мәселелері кеңінен қозғалды. Жеңіл табысқа қызығудың қауіптілігі, саналы шешім қабылдау және жеке қауіпсіздікті сақтау тақырыптарына ерекше назар аударылды.

Көрсетілген фильм жасөспірімдерге терең ой салып, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қараудың маңызын ұғындыруға ықпал етті.