Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 26.02.26 ж "Қазына" пәндік әдіс бірлестігін 10 күндігі аясында мектеп кітапханашысы Б.Сүйіннің ұйымдастыруымен 10 а сыныбында "Мен оқыған бір кітап" тақырыбында ой- бөлісу сабағы өтті.Мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру,кітаптың адам өміріндегі маңызы,ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.Әрбір тұлғаның кітап оқу арқылы кітапқа деген сүйіспеншілігін ояту.Оқырманның кітапқа деген ерекше көзқарасын қалыптастыру. Шара барысында оқырмандар өздері оқыған кітаптары жайлы ой- бөлісті. Оқырмандарға қазіргі Тіk Тоk пен Reels заманында кітап оқу тренд пе,әлде ескірген әдет пен деген сұрақ қойылды.Көбісі кітап оқу ешқашан ескірмейтінін кітап оқыған сайын ой- өрісің кеңейіп, рухани қазынаң молая түсетінін басып айтты.Трендтің уақытша екенін де айтып өтті. Шараға мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдері қатысып кітап біздің байлығымыз екенін кітап оқыған адамның сөздік қорының дамитынын,сауаттылығының артатындығын айтып,шараға қатысқан оқырмандарға алғыстарын білдірді.





