Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

"Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр" күніне орай «Өнер мен руханият үндестігі» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.

Мектебімізде "Наурызнаманың" онкүндігі жоспарына сәйкес 16 наурыз "Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр" күніне орай «Өнер мен руханият үндестігі» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.

Көрменің негізгі мақсаты – ұлттық өнер мен рухани құндылықтарды насихаттау, оқушылардың эстетикалық талғамын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. Көрме барысында қолөнер бұйымдары, суреттер, ұлттық нақыштағы шығармашылық жұмыстар ұсынылды.

Іс-шара оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттырып, ұлттық мәдениетке деген құрметін нығайтуға ықпал етті. Сонымен қатар, көрме арқылы қатысушылар рухани байлық пен өнердің өзара байланысын терең түсіне білді. Көрмені "Шебер қолдар" үйірмесінің жетекшісі Д.Әбілда, Көркем еңбек пәнінің мұғалімі К.Ағабекова ұйымдастырды