Қ.Сәтбаев ЖББМ-де жаратылыстану пәндерінің онкүндігі басталды.
2026 жылғы 12 қаңтар күні Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте «Таным» жаратылыстану пәндері әдіс бірлестігінің ұйымдастыруымен "Ұлттық құндылық+ЖИ=Заманауи жаратылыстану білім" тақырыбында жаратылыстану пәндері онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті.
Онкүндіктің мақсаты
Жаратылыстану пәндерін (физика, химия, биология) оқытуда жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдану арқылы білім алушылардың ғылыми-зерттеушілік қабілеттерін дамыту, ұлттық құндылықтарды сақтай отырып заманауи, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру.
Онкүндік аясында жоспарланған іс-шаралар:
- химия, физика, биология және жаратылыстану пәндерінен мақсатты, танымдық және интеграцияланған сабақтар;
- таңғажайып тәжірибелер, танымдық сергіту сәттері;
- «EXPERIMENT SHOW: Тәжірибе және таным» атты тәжірибелер алаңы;
- «Жас зерттеуші – 2026» ғылыми идеялар алаңы;
- пәндік бақылау жұмыстары;
- ұлттық құндылықтарды насихаттайтын ойындар мен зияткерлік сайыстар;
- оқушылардың болашақ мамандық таңдауына бағытталған танымдық кездесулер.
Онкүндіктің ашылуында оқушылар мен ұстаздар белсенділік танытып, ұлттық құндылықтар мен заманауи ғылымның үйлесім табуы – сапалы білімнің кепілі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Алдағы күндері өтетін іс-шаралар оқушыларға жаңа білім, тың тәжірибе мен ғылыми ізденіске деген шабыт сыйлайды деп сенеміз.
Білім мен таным тоғысқан онкүндік – болашаққа нық қадам!





