"Әкелер мектебі"-аса маңызды тәрбие құралы.
Қ.Сәтбаев жалпы білім беретін мектебінде "Әкелер мектебінің" жұмыс жоспарына сай "Отбасындағы әкенің рөлі" тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты – отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, ата-аналардың жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыру, отбасындағы әкенің міндеттері мен жауапкершілігін қалыптастыру болып табылады.
Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы екендігі даусыз.
Шараға қатысқан әрбір әке бала тәрбиелеудегі әкенің ролі жайында өз ойларымен бөлісті.





