Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Әке – отбасының тірегі» тақырыбында онкүндіктің ашылу салтанаты өткізілді.

Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 9 ақпан күні "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Әкелер мектебінің" жұмыс жоспарына сай «Әке – отбасының тірегі» тақырыбында онкүндіктің ашылу салтанаты өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – әкенің отбасындағы орны мен тәрбиелік рөлін насихаттау, әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

Онкүндіктің ашылу рәсіміне мектеп әкімшілігі, ұстаздар, оқушылар және әкелер белсене қатысты. Салтанатты жиын барысында мектеп директоры Ділдабай Ләззат Ермаханқызы құттықтау сөз сөйлеп, отбасы тәрбиесіндегі әкенің маңыздылығына тоқталды.

Іс-шара барысында оқушылар әкелеріне арнап өлең жолдарын оқып, ән шырқап, би билеп, көріністер көрсетті. Әкелер де өз тараптарынан жылы лебіздерін білдіріп, балаларына ақ тілектерін айтты. Кеш әсерлі де мазмұнды өтті.

Әкелермен атқарылатын онкүндік барысындағы шараларға баршаңызды белсенді болуға шақырамыз!