Прокуратура органдарының үйлестіруімен, кәсіби операторлар, жүргізушілер және сценарий авторларының қатысуымен түсірілген фильмде нашақорлық проблемасының салдарынан зардап шеккен аналардың өмірлік оқиғалары баяндалып, бұл кеселдің адам тағдырына тигізер ауыр зардабы шынайы түрде көрсетіледі.
Көрсетілімнің мақсаты:
оқушыларға нашақорлықтың қауіптілігін түсіндіру;
зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру;
саналы таңдау жасап, өмірге жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
ата-ана қадірін ұғындыру, адами құндылықтарды дәріптеу.
Мұндай тағылымды бейне көрсетілімдер жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға бағыт береді. ![]()





