Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ – ӘЛІМЖЕТТІККЕ ЖОЛ ЖОҚ!

2025 жылдың 10 қараша күні Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында «Құқықтық тәрбие – құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында 8–11-сынып оқушыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мектептің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Нұрымшан Нұржігіт ағайымыз жиналысты ашып, оқушыларды құқық бұзушылықтан сақтануға, тәртіп пен өзара сыйластықты сақтауға шақырды.

Кездесу барысында инспектор мопед пен мотоцикл айдаудың қауіптілігі, түнгі уақытта жүру ережелері, құқық бұзушылықтың салдары, сондай-ақ әлімжеттікке жол бермеу және достық, сыйластық қарым-қатынас орнатудың маңызы туралы кеңінен айтты.

🔹 Оқушылар өз ойларын ортаға салып, өзекті сұрақтарына жауап алды.

🔹 Іс-шара жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.