Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Қиял әлеміне саяхат» тақырыбында 1-4 -сынып оқушылары ертегілерді сахналады.
1–4 сынып оқушыларымен шығармашылық қабілеттерін дамыту, қиялдау мен көркем ойлау дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізілген «Қиял әлеміне саяхат» тақырыбында тәрбиелік іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Іс-шара барысында бастауыш сынып оқушыларына арналған танымал ертегілер сахналанды. Атап айтқанда, «Мақта қыз», «Тышқан мен торғай», «Қызыл телпек», «Шалқан», «Бауырсақ», «Үйшік» ертегілері сахналық қойылым түрінде көрермен назарына ұсынылды.
Ертегі кейіпкерлерінің рөлін оқушылар өздері сомдап, кейіпкерлердің мінезін, іс-әрекетін әсерлі жеткізе білді. Сахналау барысында балалардың сөйлеу мәдениеті, есте сақтау қабілеті, сахнада өзін еркін ұстау дағдылары дамыды.
Іс-шара оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, олардың қиялын ұштап, достыққа, бірлікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеуге ықпал етті.





