Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Қаламыңды сына, шеберлігіңді таныт» тақырыбында бастауыш сынып оқушыларымен шығармашылық жұмыс өтті.

Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде Бастауыш "Балдырған" әдіс бірлестігінің жұмыс жоспарына сай «Қаламыңды сына, шеберлігіңді таныт» тақырыбында бастауыш сынып оқушыларымен шығармашылық жұмыс өтті.

«Қаламыңды сына, шеберлігіңді таныт»

тақырыбында өтілген шығармашылық жұмыстың мақсаты бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту, жазу дағдысын жетілдіру және өз ойын еркін жеткізе білуге баулу .

Іс-шара барысында оқушыларға берілген тақырыптар бойынша шағын әңгіме, өлең, ертегі немесе суретке қарап мәтін құрастыру тапсырмалары ұсынылды. Оқушылар өз қиялын пайдаланып, ойларын қағаз бетіне түсіріп, жазу мәдениетін шыңдады. Жұмыс барысында сауатты жазу, сөз байлығын қолдану және мәтінді жүйелі құрастыруға ерекше көңіл бөлінді.

Шараға белсенді қатысқан оқушылар өз жұмыстарын сынып алдында оқып, пікір алмасты. Бұл өз кезегінде оқушылардың сенімділігін арттырып, шығармашылыққа деген қызығушылығын оятты.

Нәтижесінде оқушылардың жазу дағдылары дамып, шығармашылық белсенділігі артты. Іс-шара оқушыларға жағымды көңіл күй сыйлап, олардың қабілеттерін ашуға мүмкіндік берді.