14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай мектебімізде «Кітап сыйла - болашаққа жол аш» тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани құндылықтарды насихаттау және кітапқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Кітап сыйлау шарасына мектебіміздің директоры Ділдабай Лаззат Ермаханқызы қатысып, тілегін білдірді. Іс-шара барысында оқушылар бір-біріне кітап сыйлап, өздерінің сүйікті шығармалары туралы ой бөлісті. Сонымен қатар мектеп кітапханасына көркем әдебиеттер табысталды. Оқушылар қазақ әдебиетінің көрнекті ақын-жазушылары – Абай Құнанбайұлы, Мұқағали Мақатаев, Бауыржан Момышұлы шығармаларынан үзінділер оқып, кітаптың адам өміріндегі маңызы жайлы пікірлерін білдірді.
Аталған іс-шара оқушылардың рухани дамуына оң әсерін тигізіп, кітап оқуға деген ынталарын арттырды.
https://www.facebook.com/100090410312139/videos/pcb.890866127270390/921802987477944





