Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

https://satbaev.otrar-bilim.edu.kz/administrator?shield

Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 25 желтоқсан күні "Абай әлемі" тақырыбында танымдық-тәрбиелік ашық сабақ өткізілді. Сабақты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ділдабай Ләззат Ермаханқызы 6 "а", "ә" сынып білім алушыларымен өткізді. Сабақтың мақсаты – ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын терең таныту, оқушылардың әдеби сауаттылығын арттыра отырып, тарихи-мәдени құндылықтарға құрметпен қарауға тәрбиелеу. ІІ тоқсан барысында қазақ әдебиеті пәнінен Абай Құнанбаев туралы алған білімдерін пысықтау.

Сабақ қазақ тілі мен әдебиеті, бейнелу өнері, музыка, денешынықтыру пәндерімен кіріктіріліп ұйымдастырылды. Оқушылар Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқып, аудармаларын салыстырды, өмірі жайлы деректермен бөлісті, әндерін орындап, ойларын еркін жеткізе білді. Сабақ барысында туып-өскен мекеніміз Түркістан қаласынан бастау алып, әр қалаға жасырылған сұрақтарға жауап бере отырып, соңында Абай атамыз туып-өскен Семей өңіріндегі Қарауыл ауылына келіп тоқтады. Соңғы сұрақ арқылы Семей өңіріне келіп, ұлы ақынымыз Абай атамыздың туған жері Қарауылда өткен 180 жылдық мерейтойынан видеоролик көрсетілді. Қарауылтөбе маңында 185 киіз үй тігіліп, 50 мыңға жуық қонақ жиналды.

Сабақ барысында оқушылардың сыни ойлау, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдылары қалыптасты. Интерактивті әдістер қолданылып, топтық және жеке жұмыс түрлері жүргізілді.

Танымдық -тәрбиелік ашық сабақ барысында "Жас суретшілер" үйірмесінің жетекшісі Е.Одаманов Абай атамыздың табиғат лирикасын бейнелеудегі сөзден соққан мүсіндеріне тоқтала отырып, "Қансонарда бүркітші шығады аңға", "Аттың сыны" өлеңдерін бейнелеп көрсете отыра ЖИ арқылы жансыз бейнені, жандандырды. Ал "Домбыра" үйірмесінің жетекшісі А.Қоштай Абай атамыздың композиторлық қырына тоқтала отырып, "Тортөбел" күйінің шығу тарихымен таныстырып, күйді тартып берді. Денешынықтыру пәнінің мұғалімі М.Дүретбекова Абай атамыз ерекше жақсы көріп ойнаған тоғызқұмалақ ойынының ерекшелігін түсіндірді.

Сабақ жоғары деңгейде өтті, сабаққа қатысқан ұстаздар мен оқушылар Абай мұрасына терең үңіліп, рухани байлық алды.