Отырар аудандық әкімдігінің қолдауымен, «Жемқорлық және заң» газетінің ұйымдастыруымен, 2025 жылдың қазан айында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «Еңбекке тағзым» атты эссе, поэзия жазу байқауына Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің кіші қызметккерлерінің жазған эссе жұмысы.
Еңбекке тағызым
Еңбек – адам өмірінің мәні мен тіршілігінің негізі. Еңбек арқылы адам өз арманына жетіп, қоғамға пайдасын тигізеді. «Еңбектің наны тәтті» деген халық даналығы бекер айтылмаған.
Адал еңбек қашанда құрметке лайық. Ата-бабаларымыз мал бағып, жер жыртып, қолымен тас қашаған. Бүгінгі таңда сол еңбектің арқасында ел дамып, халықтың жағдайы жақсарып отыр. Еңбек етуден ешкім жаман болған емес, қайта шыңдалып, табысқа жетеді.
Мысалы, бір шебер темірден түйін түйіп, өз ісін сүйсе, ол ел мақтан етер кәсіп иесіне айналады. Ең бастысы – еңбектің үлкен-кішісі жоқ, ниет пен адалдық маңызды.
Қазір қоғамда әр салада еңбек етіп жүрген жандар көп: мұғалім, дәрігер, құрылысшы, тазалықшы – бәрінің еңбегі құрметке лайық. Еңбекқор адам – елдің тірегі.
Еңбекке тағзым ету – тек алғыс айту емес, өзіміз де аянбай тер төгіп, қоғамға пайда келтіру. Әр адам еңбекпен өсіп, өз жолын табады. Еңбек – өркениет бастауы.
Бүгінде тек дене еңбегі ғана емес, ой еңбегі де үлкен маңызға ие. Ғалымдар, жазушылар, өнертапқыштар – барлығы қоғамды алға сүйрейтін ілім жолындағы еңбек иелері. Олар да құрметке лайық. Себебі адамзат өркениеті – еңбек пен ізденістің жемісі.
Еңбекке тағзым – бұл тек сөз емес, бұл — әрекет. Біз еңбекті сүюге, құрметтеуге, адал жолмен табыс табуға ұмтылуымыз керек. Ата-анамыздың, ұстазымыздың, дәрігердің, егіншінің, қарапайым жұмысшының еңбегіне бас иіп, әрбір істі жауапкершілікпен орындау – шынайы еңбекке тағзымның көрінісі. Еңбек – өмірдің алтын діңгегі, ал еңбекке құрмет – адамдықтың белгісі.
Еңбек – адамзат өмірінің өзегі, қоғам дамуының негізгі күші. Адам баласы жаратылғалы бері еңбекпен айналысып келеді. Ағаш жонып, тас қашап, егін салып, мал бағып, күнін көрген. Уақыт өткен сайын еңбек түрленіп, заманауи сипатқа ие болса да, оның маңыздылығы еш өзгерген жоқ.
Халқымыз «Еңбек түбі – береке», «Еңбек етсең емерсің» деп бекер айтпаған. Бұл сөздер еңбекке тағзым етудің мағынасын тереңнен танытады. Адал еңбек еткен адам ғана шынымен де өмірдің қадірін, нанның дәмін, жетістіктің шын бағасын түсінеді.
Бүгінгі таңда елімізде әр салада еңбек етіп жүрген мыңдаған адам бар. Мұғалім балаға білім беріп, болашақ ұрпақты тәрбиелейді. Дәрігер адам өмірін арашалайды. Құрылысшы зәулім ғимараттар салады. Ауылдағы дихан бір уыс дәннен ырыс өндіреді. Олардың бәрінің еңбегі – ел байлығының негізі. Біз осы адамдардың маңдай теріне бас иіп, құрмет көрсетуіміз керек.
Еңбек – адамды шыңдайды, төзімділік пен тәртіпке үйретеді. Кішкентай балаға еңбекке баулып, еңбекқорлық қасиетті сіңірсек, ол өскенде жалқаулықтан аулақ, табанды азамат болары сөзсіз.
Отырар ауданына -90 жыл
Отырарым-ұлылардың мекені!
Отырарым- ғұламалар мекені!
Ақын, ойшыл, дана, батыр бабалар,
Туған жердің топырағында түледі.
Фарабидей дана өткен жерімде,
Көне тарих сыр шертеді өлкемде.
Сан тіл біліп, ғажайыпты жасаған,
Фараб атың Отырарда көсілген.
Отырардың тарихы тым тереңде,
Ұл мен қызын махабатқа бөлеген,
Ақындары жыры мен, батырлары найзамен,
Ал Шәмші аға, әнімен тербеген.
Әселхандай ақын апам тіл мерген,
Әрбір сөзі оқ жебесін дәлдеген,
Көпен атам әзілменен айтсада,
Айтқан сөзі нысанаға дәл тиген.
Талай зұлмат, талай сыннан өттің сен,
Желмен бірге сырласқандай көкпенен,
Күллі түркі ұрпағына мұра боп,
Мәнгі жаса, тарихыңмен туған жер!
Тоқсан жылда- тоғыз тарау жер көрдің,
Мақтанамын өзіңменен көгердім.
Ғылым менен мәдениет ордасы,
Тарихтағы көркем атың өшпесін.
Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің кіші қызметкері Сынабекова Айман





