Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

"Буллингтің алдын алуда ұстаздардың рөлі" тақырыбында коучинг өткізілді.

Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде Айшыкова Акмаралдың ұйымдастыруымен "Буллингтің алдын алуда ұстаздардың рөлі" тақырыбында коучинг өткізілді.

Коучингке мектептің педагог қызметкерлері қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – білім беру ұйымында буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, мұғалімдердің аталған мәселелер бойынша құқықтық, психологиялық және педагогикалық құзыреттілігін арттыру, қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру.

Коучинг барысында қатысушылар топтық жұмыстарға бөлініп, буллингке қатысты жағдаяттық тапсырмалар орындады, пікір алмасып, мәселені шешудің тиімді жолдарын ұсынды. Сонымен қатар буллинг белгілерін анықтау, оның салдары және алдын алу тәсілдері талқыланды. Рефлексия кезеңінде қатысушылар кері байланыс беріп, өз ой-пікірлерін білдірді.

Аталған коучинг жоспарға сәйкес мазмұнды түрде өткізілді және қойылған мақсаттарға қол жеткізілді.