Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Болашағың-өз қолыңда» атты мамандық таңдау кеші болып өтті.

Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте 27 қаңтар күні: «Болашағың-өз қолыңда» атты мамандық таңдау кеші болып өтті.

Кештің мақсаты: Оқушының өзі таңдайтын мамандық туралы ойын бір жүйеге келтіріп, дұрыс таңдау жасауына көмектесу, өз бетінше шешім қабылдап, өзіндік мақсатын айқындай білу қабілеттілігін арттыру, жауапкершілік, міндеттілік, зерттеушілік әрекетін іске асыру мүмкіндіктерін кеңейту, оқушының тұлғалық және өмірлік өзін-өзі тануын қамтамасыз ететін болашақ кәсіби бағдарына сәйкес дербес дамуына жағдай жасау.

Бүгін бізге өз ойларымен бөлісіп, тың пікірлері мен ақыл - кеңесін айтуға шақырылған қонақтарымыз келіп отыр.

1. Ұстаз болу - жүректің батырлығы,

Ұстаз болу - сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы деп ақындарымыз жырлағандай, бүгін біздің ортамызда мектебіміздің директоры Ділдабай Лаззат Ермаханқызы.

2. Отырар аудандық мәслихат аппаратының басшысы Жандарбек Қуаныш

3. Қазақ күресі Түркістан облысы жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Дарханбай Рамазан

4. “Отырар” кітапханасының кітапханалық процестерді автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі, «Шалқыған Шәуілдір» парақшасының авторы, мобилограф, блогер Таменов Жасұлан

5. Жас кәсіпкер «Мело суши» фасфуд орталығының иесі Тасбалта Тұрлан

6.Отырар ауд электр жүйе мекемесінің шебері Полатов Абай

7. Түркістан обл департаментінің полиция бөлімі СОБР – Серікбай Қуаныш

8. Отырар аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі ювенальді полиция тобының инспекторы полиция лейтенанты Сержан Мерей Сержанұлы

9. Дәуренбек Құрманбек атындағы №2 колледждің өндірістік оқыту шебері: Орынбеков Мейрамхан ағаларымыз қонақ болып келіп, мектеп бітіруші түлектерге жалпы оқушыларға өз кәсіптерін айтып, әр саланың өзіндік ерекшелігі бар екенін оны сезіне білу үшін тек білім алу керек екенін жақсылап айтып, пікір алмасып өз ойларымен бөлісті.

Уақыт жүйрік…

Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған оқушы бүгін өз болашағы жайлы ойланатын кезеңге жетті. Уақыттың осы бір жүйрік сәтінде дұрыс мамандық таңдау – өмір жолындағы ең маңызды қадамдардың бірі. Бүгінгі мамандық таңдау кеші – әр оқушының өз қабілетін танып, арманын айқындауға берілген мүмкіндік. Уақыт бізден батылдық пен жауапкершілік талап етеді. Ендеше, бүгінгі таңдауларымыз ертеңгі жетістіктеріміздің бастауы болсын. Болашаққа сеніммен қадам басайық, себебі уақыт жүйрік, ал мүмкіндік қазір.