Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

Бастауыш сынып айлығының ашылуы

Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 10.11-21.11.2025 ж. аралығында өтетін "EduFall - 2025. Алтын күз - білімнің жаңғыруы " тақырыбындағы онкүндіктің ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті.

Шара барысында оқушылар мен ұстаздар белсенділік танытып, қызықты ойындар ойнатылып, танымдық тапсырмалар орындалды. Оқушылар мәнерлеп өлең оқып, өз өнерлерін ортаға салды. Шара мектеп оқушыларына шабыт сыйлап, апталықтың әсерлі басталуына себепкер болды.

Бұл онкүндік оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық белсенділіктерін арттыруға және функционалдық сауаттылықтарын жетілдіруге зор мүмкіндік беретіні сөзсіз!

https://www.facebook.com/100090410312139/videos/pcb.817603507929986/1402876507864871