Выберите язык

Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

Балалар қауіпсіздігі – басты назарда

Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп бойынша балалар арасындағы зорлық-зомбылық пен суицидтің алдын алу, сондай-ақ білім беру ұйымдар

Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп бойынша балалар арасындағы зорлық-зомбылық пен суицидтің алдын алу, сондай-ақ білім беру ұйымдарында қауіпсіз әрі қолайлы психологиялық орта қалыптастыру мақсатында «Сенімді дос» бағдарламасы аясында білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында балалар мен жасөспірімдер арасында кездесетін зорлық-зомбылық, буллинг және суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды. Білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне қауіп-қатер белгілерін ерте анықтау, оқушылардың психологиялық жағдайына дер кезінде назар аудару және қиын жағдайға тап болған балаларға қажетті қолдау көрсету жолдары түсіндірілді.

Сонымен қатар, мамандарға балаға жан-жақты қолдау көрсетудің маңыздылығы, сенімді қарым-қатынас орнату және алдын алу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.

«Сенімді дос» бағдарламасының негізгі мақсаты – балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған профилактикалық жұмыстарды күшейту, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру және әрбір бала өзін қауіпсіз әрі қорғалған сезінетін қолайлы орта қалыптастыру.

Балалардың қауіпсіздігі мен психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету – барша қоғамның ортақ жауапкершілігі.
#Сенімдідос #балаларқауіпсіздігі #Сәтбаевмектебі #буллинг #суицид

ында қауіпсіз әрі қолайлы психологиялық орта қалыптастыру мақсатында «Сенімді дос» бағдарламасы аясында білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.