Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

9-сынып оқушыларына «Көшпенділер» фильмі көрсетілді.

Наурыз айында ұлттық және патриоттық фильмдерді насихаттау жоспарына сәйкес, 9-сынып оқушыларына «Көшпенділер» фильмі көрсетілді.

Аталған фильмде қазақ халқының тарихы, ел қорғаған батырлардың ерлігі, көшпенді өмір салты мен ұлттық құндылықтары кеңінен бейнеленген. Фильм арқылы оқушылар ата-бабаларымыздың ерлік жолымен, тәуелсіздік жолындағы күресімен танысты.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың тарихи санасын қалыптастыру, ұлттық рухын көтеру және отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Фильм көрсетілімінен кейін оқушылар өз ойларымен бөлісіп, тарихи оқиғалар туралы пікір алмасты.