Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

70 бала 70 өрнек

Қ. Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін Қаныш Сәтбаев Мектебінде Наурызнама онкүндігінің жоспарына сай ұйымдастырылған іс-шара барысында ерекше әрі креативті көрініс ұсынылды. Шараға бір мезетте 70 оқушы қатысып, барлығы бір мезетте қазақша өрнек ойды. Оқушылар түрлі түсті қағаздарды пайдалана отырып үйлесімді түрде ұлттық ою-өрнек бейнесін ойып, НАУРЫЗ сөзін жазды.

Аталған шара нәтижесінде қазақтың дәстүрлі нақышына сай көркем өрнек пайда болып, сол өрнектің көмегімен «Наурыз» сөзі анық көрініс тапты. Бұл көрініс мерекенің маңызын айшықтап, оқушылардың ұйымшылдығы мен бірлігін көрсетті.

Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған бұл бастама өз мақсатына толық жетті.

https://www.facebook.com/reel/1627263158528756