Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

7 "а"-сынып оқушыларына «Балуан Шолақ» фильмі көрсетілді.

Наурыз айында ұлттық және патриоттық фильмдерді насихаттау жоспарына сәйкес, 7 "а"-сынып оқушыларына «Балуан Шолақ» фильмі көрсетілді.

Аталған фильм қазақтың атақты балуаны, әнші-композиторы Балуан Шолақтың өмірі мен шығармашылығына арналған. Фильм арқылы оқушылар халқымыздың батыр тұлғаларының ерлігімен, өнерімен танысты.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың ұлттық рухын көтеру, тарихи тұлғаларға деген құрметін арттыру және патриоттық тәрбие беру. Фильм барысында оқушылар кейіпкердің қайсарлығы мен әділдігін үлгі етіп, өз ойларымен бөлісті.

Фильм көрсетілімінен кейін оқушылармен пікір алмасу ұйымдастырылып, олардың алған әсерлері тыңдалды.