Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

7–11 сынып оқушыларының қатысуымен «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында жиын ұйымдастырылып өткізілді.

Отырар ауданы білім бөлімінің 11.11.2025 ж. №41-10/1319 хатына сәйкес «Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 17.11.2025 жылы 7–11 сынып оқушыларының қатысуымен «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында жиын ұйымдастырылып өткізілді.

Іс-шараға мектеп директоры, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, педагог-психолог, сынып жетекшілері және Отырар ауданы АПБ КПБ жедел уәкілі полиция лейтенанты Сапарбаев Ердәулет, Отырар ауданы АПБ ҚКБ УПИ инспекторы полиция капитаны Зәуірбек Нұрдәулет, сондай-ақ Отырар ауданы АПБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы полиция лейтенанты Сержан Мерей қатысты.

Жиын барысында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің өмір қауіпсіздігі, құқықтық жауапкершілік, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мектептің педагог-психологы М.Турсынбекова «Заң және тәртіп» тақырыбындағы арнайы дайындалған слайд арқылы оқушыларға құқық бұзушылық дегеніміз не, түнгі уақытта жүру ережелері, буллинг (жәбірлеу), вандализм сияқты маңызды тақырыптар бойынша жан-жақты ақпарат берді.