Наурыз айында ұлттық және патриоттық фильмдер жоспарына сәйкес 6 "ә"-сынып оқушыларына «Абай» фильмі көрсетілді. Шараның мақсаты – оқушыларды қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және рухани тәрбие беру.
Фильм барысында оқушылар Абайдың өмір жолы, оның білімге, ғылымға деген құштарлығы, адамгершілік қағидалары туралы мәлімет алды. Сонымен қатар туындыда қазақ халқының салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі және сол кезеңдегі қоғамдық жағдай кеңінен бейнеленеді.
Фильм көрсетілімінен кейін оқушылармен пікір алмасу ұйымдастырылып, фильмнің мазмұны мен тәрбиелік маңызы талқыланды. Оқушылар Абайдың даналық сөздері мен өсиеттері туралы өз ойларын айтып, алған әсерлерімен бөлісті.
Бұл шара оқушылардың әдебиетке, тарихқа деген қызығушылығын арттырып, ұлттық рух пен адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік маңызы зор іс-шара болды.





