Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

6 НАУРЫЗ - "МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР КҮНІ

🔰Қ. Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде "Наурызнама" іс-шара жоспарына сәйкес 16 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне» орай сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатын МАД тобының жетекшісі Қожахмедияр Гүлназира ұйымдастырып, оқушыларға халқымыздың бай мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүрлері туралы кеңінен мағлұмат берді.

Іс-шара барысында оқушылар қазақ халқының әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері, ұлттық құндылықтары жайында пікір алмасып, ұлттық мәдениетке деген құрметтерін арттырды.

✅Мақсаты:

✨ Оқушыларға қазақ халқының мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүрлерін таныстыру;

✨ Ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу;

✨ Оқушылардың рухани-мәдени дүниетанымын кеңейту. 🇰🇿