Мектебімізде "Наурызнама" онкүндігі аясында «Бір бауырсақ – бір мақал» атты тағылымды іс-шара мектептің өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру, қазақ халқының мақал-мәтелдері арқылы тәрбиелік мәнін түсіндіру және ой-өрісін дамыту болды. Шара барысында қатысушылар әр бауырсақ ұсыну арқылы бір мақал айтып, оның мағынасын түсіндірді.
Бұл іс-шара оқушылардың сөздік қорын байытып, тапқырлыққа, шешендікке баулып, ұлттық дәстүрді дәріптеуге өз үлесін қосты.





