Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

10–11 сынып оқушыларымен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарын насихаттау мақсатында интерактивті квест ойыны өткізілді.

Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде Дүниежүзілік сайлау күніне орай 3 ақпан күні 10–11 сынып оқушыларымен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарын насихаттау мақсатында интерактивті квест ойыны өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың сайлау жүйесі туралы құқықтық білімдерін арттыру, азаматтық жауапкершілік пен белсенді ұстаным қалыптастыру.

Квест ойыны барысында оқушылар бірнеше топқа бөлініп, «Сайлау құқығы», «Сайлау қағидаттары», «Сайлау процесі», «Азаматтың құқықтары мен міндеттері» тақырыптары бойынша тапсырмаларды орындады. Логикалық сұрақтар, жағдаяттық тапсырмалар және сұрақ-жауап кезеңдері ұйымдастырылды.

Ойын соңында оқушылар өз ойларын ортаға салып, сайлауға қатысудың қоғам үшін маңыздылығын түсінді. Іс-шара оқушылардың қызығушылығын арттырып, белсенді түрде өтті.