Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

1 қазан Халықаралық қарттар күні!

Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде “1 қазан-Халықаралық қарттар күні” мерекесіне орай “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы жоспарына сәйкес “Қарттарым, аман- сау жүрші!" тақырыбында 10 «А» сынып жетекшісі Қаймақ Қалампыр мен мектеп тәлімгері Қыдырбаева М. және А.Айшықованың ұйымдастыруымен ауыл қарияларымен кездесу кеші болып өтті.

Қазіргі таңда бірнеше немере мен шөбере тәрбиелеп, отбасының ұйытқысы болып отырған қариялар білім алушылардың өнерін тамашалап, ақ батасын беріп, өсиеттерін айтты.

Оқушылар қарияларға өздерінің дайындаған сахналық қойылымдарын ұсынумен қатар әндерін арнап жыр-шумақтарын, тілектерін білдірді.

✨ Мақсатымыз: Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.